Туризм • 03 Наурыз, 2021

Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курортын салу жоспарланған. Қазіргі уақытта Алматы облысы әкімдігі жобаны іске асыру үшін инвесторларды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады

Әкімдік жаңа курортты Еңбекшіқазақ ауданында, Түрген ауылының маңында салуды көздеп отыр. Жоба құны 400 миллиард теңгеге бағаланады.

Алматы облысының әкімдігінің мәліметінше, құрылысты 2022 жылы бастау жоспарланған, ал 2025 жылы жаңа демалыс орнына елді мекенмен бірдей «Түрген» атауын беру жоспарланған.

«Қазір Түрген локациясының инженерлік инфрақұрылымын салу бойынша құны 262,5 мың доллар болатын жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды» делінген хабарламада.

Былтыр Түркістан облысында тау шаңғысы курортының құрылысы жоспарланғаны белгілі болды. Шаңғы трассалары, көтергіштер мен қонақүйлер 2021 жылы салына бастайды деп жоспарланған. Курорттың жалпы ауданы – 280 гектар. Ал жобаның құны шамамен – 25 миллиард теңге.