Спорт • 03 Наурыз, 2021

Апеннин түбегіне аттанды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 наурызда Италияың Тоскана аймағында «Страде Бьянке» деп аталатын дәстүрлі жарыс өтеді. Бұл бәсекеде қазақстандық «Астана» клубы да өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Апеннин түбегіне аттанды

UCI-дің әлемдік туры санатына жататын айтулы доданың тұсауы 2007 жылы кесілді. Сол кезден бері 14 мәрте жалауы жебірген жарыста Қазақстанның да өкілі топ жарған. Ол – Максим Иглинский. Нұр-Сұлтанның тумасы 2010 жыл өткен сайыста алдына жан салмай, бас жүлдені олжаласа, 2012 жылғы бәсекеде екінші орынды иеленді.

Максим Иглинскийден бөлек, «Страде Бьянкеде» мынды велошабандоздар топ жарды: италиялық Фабиан Канчеллара (үш рет) мен Морено Мозер, ресейлік Александр Колобнев, швециялық Томас Лефквист, бельгиялық Филипп Жильбер пен Тиш Бенот, польшалық Михал Кятковский (екі рет), чехиялық Зденек Штыбар және франциялық Жюлиан Алафилипп. Былтырғы жылы өткен жарыста Бельгияның сайыпқыраны Ваут Ван Арт бас жүлдені қанжығасына байлады.

Таяу күндері өтетін «Страде Бьянке» додасында «Астананың» сапында Алекс Аранбуру, Мануэле Боаро, Йонас Грегард, Фабио Фелине, Якоб Фульсанг, Уго Уль және Горка Исагирре сынды велошабандоздар өнер көрсетеді.