Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Атырауда 54 жастағы күзетшіні таппай жатыр

2084 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 6 наурызда жұмысына барар жолда жоғалып кеткен 54 жастағы күзетшіні таппай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 54 жастағы күзетшіні таппай жатыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалып кеткен 54 жастағы Т.Оразалиев «WDC» ЖШС-де күзетші болып жұмыс істейді екен.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне 10 наурызда Атырау қаласының тұрғынынан 1967 жылы туған Т.Оразалиевтың 6 наурызда сағат 19-00-де үйінен жұмысына шығып, осы уақытқа дейін қайта оралмағаны туралы хабар түсті. Жоғалған азаматты іздестіруге 10 наурызда жедел құтқару жасағының 7 қызметкері, 4 кинологиялық есеп пен 4 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, еріктілермен бірге (4 адам мен 2 техника) бірлесіп Бірлік, Ақсай, Жұлдыз-3 елді мекендерінде іздестіру жүргізілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстары бүгін, 11 наурызда сағат 08:00-де қайта жалғасып, оған жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, 3 техникасы (оның ішінде 2 кинологиялық есеп) мен жоғалып кеткен азаматтың 10 туысы тартылды.