Саясат • 29 Наурыз, 2021

Денсаулық сақтау қызметінің сапасын бақылайды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласына іссапары аясында қоғамдық мониторинг тобының жетекшісі Саида Таукеловамен кездесті. Жүздесуде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Денсаулық сақтау қызметінің сапасын бақылайды

Тараптар медициналық ұйым, оның ішінде Covid-19 індетіне және пневмонияға қарсы күреске тартыл­ған ста­ционарлық емдеу мекеме­лері, дәрі­ханалар мен дәріханалық көтерме сауда қоймалары, сондай-ақ қайырымдылық және гуманитар­лық көмекті бөлетін ұйым­дар қызметі­нің тиімділігін, ашық­тығын арттыру жөніндегі мақсаттарды іске асыруда өзара іс-қимыл жасауға ниетті. Бұдан басқа, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту және азаматтардың мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қызметіне сенім арттыру үшін қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азмат­тық бас­тамаларды іске асыру шең­беріндегі ынтымақтастық көзделген.

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ денсаулық сақтау саласында ұзақ мерзімді әріптестік байланысты дамытуға ықпал ететін жағдай жасауға, сондай-ақ орнықты және үйлесімді даму қағидаттарына сәйкес қоғамдағы оң өзгерістерге бағытталған жобаларды қалыптастыру және қолдау бойынша практикалық қадамдарды жүзеге асыруға келісті. Атап айтқанда, Қазақстандағы облыстар мен қалаларда гуманитар­лық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп іске асыру, қоғам­дық мониторинг саласында бақы­лау жүргізетін жұмыс топтарын құру жоспарланған.

А.Цой атап өткендей, Денсаулық сақ­тау министрлігі медициналық көмек­тің сапасын жақсарту және дәрі-дәр­мекпен үздіксіз қамтамасыз ету мақ­­сатында осы жұмыс форматын қолдайды.