26 Сәуір, 2021

Самал Еслямова тағы да үздік атанды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық актриса, «Канн» кинофестивалінің үздік актрисасы Самал Еслямова Ресейдегі «Ника» кинофестивалінде «Үздік әйел ролі» аталымы бойынша марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Самал Еслямова тағы да үздік атанды

Самал Еслямова бұл марапатты ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміндегі ролі үшін иеленді.

«Мен Мәскеуге бара алмадым, алайда мен үшін жүлдені фильмнің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды. «Айка» фильміндегі барлық әріптестеріме алғыс айтамын», деді актриса.

«Айка» әлеуметтік-драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында баяндалады, ол Мәскеуге барып босанып, баласын перзентханаға тастап кетуге мәжбүр болады. Кинокартинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі.

Айта кетейік, Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» сыйлығын және 2018 жылы мамырда 71-ші «Канн» кинофестивалінде үздік актриса атанған еді.

Гаухар ҚАПАШ