Елорда • 28 Сәуір, 2021

Елордада жылыту маусымы 29 сәуірде аяқталады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымын аяқтау туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жылыту маусымы 29 сәуірде аяқталады

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №249/36-V шешімімен бекітілген Астана қаласында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласында 2020-2021 жылы жылу беру маусымын 2021 жылғы 29 сәуірден бастап аяқтау;

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», делінген әкімдіктің қаулысында.