Спорт • 02 Мамыр, 2021

Александр Бублик «Мадрид мастерс» турнирінің екінші айналымына шықты

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Александр Бублик «Мадрид мастерс» турнирінің екінші айналымына шықты

А.Бублик алғашқы айналымда әлемнің 39-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен кездесті. Қазақстандық теннисші 23-те болса, тәжірибелірек қарсыласы 29 жаста еді. Тартысты өрбіген бірінші партия мәселесі тай-брейкте шешіліп, онда А.Бублик шеберлік танытты – 7:6 (7:5). Екінші сетте қазақстандық спортшы 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры ол осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Бәсеке сағат жарымға жуық уақытқа созылды. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, канадалық Денис Шаповаловпен шеберлік байқасады. Ол бастапқы кездесуінде рейтингте 37-орындағы сербиялық Душан Лайовичті 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин Мадрид жарысының іріктеу сайыстарынан аса алмады.