Қоғам • 03 Мамыр, 2021

Көкшетау қаласында үшем өмірге келді

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетау қаласында үшем өмірге келді

Зәуреш есімді келіншек 2 мамырда Көкшетаудағы перинаталдық орталығында үшемді дүниеге әкелген.

«Нәрестелердің үшеуі де ұл балалар. Қазіргі кезде, ана мен нәрестелердің жағдайы тұрақты, өздерін жақсы сезінеді», деді ведомстводан.

Әйел мерзімінен бұрын, 32 апталығында толғағы келгендіктен, дәрігерлер оны кесарево тілігі бойынша босандырып алған. Бұл соңғы 10 жылда Көкшетауда дүниеге келіп отырған үшем. Отбасының тағы екі қызы бар.