Қазақстан • 06 Мамыр, 2021

Еліміздің 292 мектебінде карантин талаптары сақталмаған

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз бойынша мектептердегі карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. 1-29 сәуір аралығында 1688 тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 292 мектебінде карантин талаптары сақталмаған

Білім беру мекмелерінде орын алған карантин режимі талаптарының негізгі заң бұзушылықтары ретінде келесі факторларды атап өтуге болады: бірқатар мектептерде бетперделік режим сақталмаған, арақашықтық белгілері қойылмаған, бөлмелерге ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған, сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ бактерицидтік шамдардың, санитайзерлер мен залалсыздандыру құралдарының жеткіліксіздігі анықталған.

Ағымдағы жылғы 23-29 сәуір аралығында мониторингтік топтар 643 мектепке тексеру жүргізді. Карантин талаптарын бұзушылық 139 мектепте анықталды, яғни 21,6%-і карантин режимі тәртібін бұза отырып жұмыс жасаған.

Маска режимін бұзу фактілері 27 мектепте анықталды, 19 мектепте таңертеңгі сүзгі жүргізу тәртібі бұзылған, 6 мектепте әлеуметтік арақашықтық белгілері жоқ, 29 мектеп толық көлемде санитайзерлермен қамтамасыз етілмеген, 34 мектепте ылғалды тазалау және дезинфекция жүргізілмеген.

Заң бұзушылықтар саны бойынша жоғары көрсеткішер келесі аймақтарда орын алды:

Қарағанды облысында – 25 бұзушылық;

Қызылорда облысында – 21;

Түркістан облысында – 17.

Анықталған барлық карантиндік, санитариялық-гигиеналық талаптарды бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 312 тұлғаға жалпы көлемі 28 876 184 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Мектептерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.