Аймақтар • 07 Маусым, 2021

Алматыда саябақтар мен базарларға маскамен ғана кіргізіледі

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн брифинг барысында Жандарбек Бекшин саябақтар мен базарларға азаматтар маскамен ғана кіргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда саябақтар мен базарларға маскамен ғана кіргізіледі

«Коронавирус инфекциясының таралуын одан әрі тоқтату жөніндегі штаб халық жаппай баратын орындарға, атап айтар болсам саябақтар мен базарларға, сауда орталықтарына азаматтарды тек маскамен кіргізу туралы шешім қабылдады», деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, коронавирус инфекцияның алдын алу бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

«Профилактикалық шаралар туралы баннерлер жаңартылады: әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу», деді ол.