Аймақтар • 08 Маусым, 2021

СҚО-да карантиндік шектеулер жеңілдетілді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында ертеңнен бастап көптеген нысанның жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да карантиндік шектеулер жеңілдетілді

СҚО-ның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы ертең, 9 маусымнан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес өңірде карантиндік шектеулердің кейбірі алынды:

1) келушілер санын 30%-дан асырмай бильярд, боулинг, компьютер клубтары мен аквапарктің және ғимарат ішіндегі балалардың ойын алаңдарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі;

2) келушілер санын 30%-дан және 50 адамнан асырмай, банкет залдарында еске алу іс-шараларын өткізуге болады;

3) діни нысандарда да адам санын асырмай, маска тағып және 4 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтап іс-шараларды өткізуге рұқсат беріледі;

4) мәдениет нысандарында жеке, топтық дайындықтарды адам санын 50-ден асырмай өткізуге болады;

5) мектепке дейінгі мекемелерге топтарды қосып, іс-шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат беріледі;

6) монша, сауналардың жексенбі күні де жұмыс істеуіне болады;

7) спорттық іс-шараларды көрермен санын 20%-дан, ал кинотеатр, театр, концерт залдарының жұмысын көрермен санын 30%-дан асырмай ұйымдастыруға болады;

8) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы сағат 2.00-ге дейін ұзартылады;

9) балалардың сауықтыру лагерлері 100% толымдықпен жұмысқа кіріседі. СҚО Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта. Мәселен өткен тәулікте облыста коронавирус жұқтырудың жаңадан 13 жағдайы ғана тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024