Әлем • 11 Маусым, 2021

Моңғолияның жаңа президенті сайланды

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолияда президенттік сайлау аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Моңғол Халық партиясынан кандидат Ухнаагийн Хурэлсух көп дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Моңғолияның жаңа президенті сайланды

Соңғы мәіметтерге сүйенсек, У. Хурэлсухқа 67.6 пайыз (815.267), Демократиялық партиядан қатысқан үміткер С. Эрдэнэге – 6 пайыз (72.001), «Дұрыс адам – Электорат» коалициясының үміткері Д. Энхбатаға сайлаушылардың 20.2 пайызы (242.257) дауыс берді.