Аймақтар • 17 Маусым, 2021

Бекшин Алматыға арналған жаңа қаулыны түсіндірді

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин журналистермен өткен брифинг барысында жаңа қаулы шығатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекшин Алматыға арналған жаңа қаулыны түсіндірді

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, жаңа құжатта бизнес нысандары екі блокқа бөлінген: Ashyq қосымшасына қатысатын және қатыпайтын нысандар.

Қаулыға сәйкес:

Супермаркет, азық-түліктік емес дүкендер, азық-түлік сататын және азық-түліктік емес базарлар, жабық базарлар бұл жүйеге қатыспайды. Алайда аурудың таралу деңгейін ескере отырып, оларға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Қоғамдық тамақтану орындары бойынша - егер мекеме Ashyq жобасына қатысқан болса, 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, толымдығы - 50 пайыз, бірақ 70 орыннан аспауы керек. Егер Ashyq жобасына қатыспаған болса, барлық шарт осындай, бірақ 50 орыннан аспауы керек.

Кинотеатр, театрлар мен концерт залдары Ashyq жобасына қатысқан болса 50 пайыз толымдықпен жұмыс істейді, егер Ashyq жобасында жоқ болса 30 пайыз толымдықпен ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

«Сонымен қатар, жаңа ережелер қала «жасыл» аймаққа көшкеннен соң жеті күннен кейін күшіне енеді», деді қаланың бас санитария дәрігері.