Қоғам • 28 Маусым, 2021

Аида Балаева: Медиа – ұлттық қауіпсіздік пен идеологияның да өзегі

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева: Медиа – ұлттық қауіпсіздік пен идеологияның да өзегі

Құрметті әріптестер, бар­ша­ңызды кәсіби мерекелері­ңі­з­­бен шын жүректен құттық­таймын!

Бұл – тек қалам ұстаған жур­налистердің ғана емес, ақпарат саласында жүрген барлық қыз­меткерге ортақ мейрам.

Бұқаралық ақпарат құ­рал­дары – мемлекеттік саясат­тағы ма­ңызды бағыттардың бірі. Себе­бі медиа тек ресми ақ­парат тара­тудың құралы емес. Ол – ұлттық қа­уіпсіздік пен идео­ло­гияның да өзегі. Мемлекет саясатын тү­сін­­діруде халық пен билік ара­сын жалғайтын алтын көпір. Сон­­дықтан журналистердің қо­ғам ал­дындағы азаматтық және әлеу­мет­тік жауапкершілігі өте жоғары.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішін­­де ұлттық медиа елімізбен бір­ге жаңару мен дамудың биік бе­лестерінен өтті. Ақпарат саласының мемлекеттік басқару процесіне ықпалы артып келеді. Баспасөзде сауатты көтерілген мәселелер мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіруге септігін тигізіп жүр. Президентіміздің «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нә­ти­желі іске асуында да журна­листердің үлесі зор.

Әрбір журналистің бүгінгі күнделікті еңбегі арқылы мемле­­кетіміздің ертеңгі тарихы жа­зы­лып жатыр. Сондықтан ақпарат саласын жаңа деңгейге көтеріп, биік тал­ғамды қоғам қалып­тас­тырудағы еңбектеріңіз жана берсін!

Дендеріңізге саулық, отбасы­ларыңызға амандық, шығар­ма­шылық шалқар шабыт пен толайым табыс тілеймін!

 

Аида БАЛАЕВА,
Ақпарат және қоғамдық даму министрі