Аймақтар • 28 Маусым, 2021

Атырау тұрғыны танысын пышақтап тастады

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Корей елінің азаматы анасын балағаттаған танысын пышақтап тастады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.   

Атырау тұрғыны танысын пышақтап тастады

Атырауда Корея елінің азаматы өзінің тұрғылықты мекенжайында танысымен ішімдік ішкен. Араларында кикілжің туындап, екеуі өзара сөзге келіп қалған. Әлгі танысы 45 жастағы ер адамның анасын балағаттап, оған тіл тигізеді. Сол кезде ашуланған айыпталушы үйіне жүгіріп кіріп, пышақ алып қайта шыққан. Қолындағы пышақты танысына сұғып дене жарақатын салған. Жәбірленуші аман қалды. Күдікті ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. 

Айыпталушы сот үкімімен ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған төрт жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Одан жәбірленушілерге өтемақы қорына жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілді.