Кеңес мүшесі Ярали Халилов шаруаларды субсидиялаудың қазіргі жүйесінің ашықтығы күмән тудыратынын алға тартты. Мәселен, егер Қазақстанда барлығы 252 мыңнан астам ауыл шаруашылығы субъектісі болса, солардың 3,8%-ы ғана арзандатылған бағамен өсімдіктерді қорғау құралдарын, 6%-ы ғана тыңайтқыштар алған.
«Бұл қолданыстағы субсидиялау тәртібінің тиімсіздігін көрсетеді. Қаржылық қолдауға тек таңдаулылар ғана қол жеткізе алатындай көрінеді. Ақшаны әркімнің қолына ұстата салуға болмайды. Өндіріс факторларын жеткізушілерге, яғни фермерлер тұқым, жабдық сатып алғандарға тікелей төлеу керек. Субсидияларды кім және қалай алғанын бақылау оңайырақ болады», деді Ярали Халилов.
Тыңайтқыштарды субсидиялау саласында да айтарлықтай қиындықтар баршылық. Өйткені субсидиялау тәртібі жыл сайын және дәл көктемгі егіс жұмыстары кезінде өзгереді. Осылайша, фермерлер тыңайтқышты қазақстандық өндірушілерден сатып ала алмай қалады. Сосын олар шет елдікін алады немесе тыңайтқышқа жарымай, оны аз мөлшерде пайдаланады. Қазақстандық химия өнеркәсібі одағының басшысы Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, өткен жылы минералды тыңайтқыштарға берілетін субсидияның жалпы көлемі 27,8 млрд. теңгені құраған. Бірақ, бұл ақшаның басым бөлігі шетелге кеткен.
«Отандық минералдық тыңайтқыштарды өндірушілердің үлесіне барлық субсидиялау көлемінің 48%-ы ғана тиесілі. Осы мақсатқа бөлінген бюджет қаражатының жартысынан көбі, ал бұл шамамен 14,5 млрд. теңге өзбек және ресейлік зауыттарға кетті», деді Мұқаш Ескендіров.
Осы нарықта тәртіп орнату үшін Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Берік Оспанов өндірушілерге өз қоймаларының болуын міндеттеуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл контрафактілік өнімдермен күресуге мүмкіндік беріп қана қоймай, отандық тыңайтқыштарға деген сұранысты арттырады.
«Өндіруші зауыттарды өңірлерде өз қоймаларын салуға міндеттеу керек. Сонда мемлекеттің субсидиялары шығу тегі мен сапасы күмән туғызатын импорттық өнімге жұмсалмайды. Егер шетелдік өндірушінің уәкілетті өкілі, Қазақстан аумағында мамандандырылған қоймалары болмаса, онда фермерлерге олардың тыңайтқыштарын сатып алуға субсидия беруге болмайды», деді Берік Оспанов.
Кеңес мүшелері Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы мал шығынына қатысты жағдайды жеке талқылады. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың ақпараты бойынша, Маңғыстау облысына 1733 тонна арпаның 637 тоннасы төмендетілген бағамен жеткізілген. Ал облыстық бюджеттен жем сатып алуға 204 млн. теңге бөлінді. Қызылорда облысына 1400 тоннадан астам шөп жөнелтіліп, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК» АҚ-мен бекітілген баға бойынша 490 тонна арпа сатып алу туралы келісімшарт жасалған.
Кеңес төрағасы Берік Оспанов осындай жағдайлардың алдын алу үшін, фермерлерді қолжетімді бағада уақытылы жем-шөппен қамтамасыз ететін жем-шөп қоры құрылуы тиіс дегенді ерекше атап өтті. Бұдан басқа, салалық ведомство агросақтандыру құралдарын енгізу мүмкіндігін зерделеуі тиіс.
Отырыс қорытындысы бойынша Аграрлық кеңес Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар ұсыныстар берді. Атап айтқанда, жем-шөп өндіру, техника сатып алу, сондай-ақ отандық тұқым өндіру және импорттық тұқым сатып алу көлеміне талдау жасау бағытында соңғы 5 жылдағы мемлекеттік қолдау шараларына егжей-тегжейлі талдау жүргізу. Бұдан басқа, министрлікке субсидияларды тікелей зауыттарға жіберу арқылы тыңайтқыштардың 3 жылға арналған бірыңғай құнын белгілеу мәселесін пысықтау қажет.
Тыңайтқыштар өндіру, жем-шөп сатып алуды субсидиялау, отандық агрохимияның жай-күйі және басқа да өзекті мәселелер «Nur Otan» партиясы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ортақ әліпби жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті
Қазақстан • Кеше
Цифрлық даму министрлігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болады
Қазақстан • Кеше
Жыл басынан бері 514 зорлық-зомбылық әрекеті тіркелген
Аймақтар • Кеше
Aбай университетінде ашық есік күні өтті
Университет • Кеше
Мереке күндері ауа райы жылынады
Ауа райы • Кеше
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Айбын • Кеше
Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты
Қоғам • Кеше
Әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс - Президент
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы әскерилерге арнаулы атақ пен шен берді
Президент • Кеше
ҰБТ-2024: Өтініш қабылдау басталды
Білім • Кеше
Астаналық екі балуан Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?
Қазақстан • Кеше
Алматы облысы Кеген ауданында жер сілкінісі сезілді
Аймақтар • Кеше
Жайықтың су деңгейі Тайпақ ауылы тұсында қауіпті межеден асты
Аймақтар • Кеше
Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз жолға шықты
Қоғам • Кеше
Танымал әнші 21 отбасыға баспана сыйламақ
Өнер • 05 Мамыр, 2024
Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді
Денсаулық • 05 Мамыр, 2024
Еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • 05 Мамыр, 2024
Бәріңізге түсінікті болу үшін...
Қоғам • 05 Мамыр, 2024
Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асты
Аймақтар • 05 Мамыр, 2024
Бразилияда 50-ден астам адам су тасқынынан қайтыс болды
Әлем • 05 Мамыр, 2024
Соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай біржолғы әлеуметтік көмек төленді
Үкімет • 05 Мамыр, 2024
Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден әлем кубогының жеңімпазы атанды
Спорт • 05 Мамыр, 2024
Қазақстанның үш азаматы терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды
Қоғам • 05 Мамыр, 2024
Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • 05 Мамыр, 2024
Бұршақ жауып, үсік жүреді: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ауа райы • 05 Мамыр, 2024
Ақмола облысы полициясының лауазымды қызметкері мас күйінде ұсталды
Заң • 05 Мамыр, 2024
Әкемнің кім екенін білгенде, таңғалдым: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті
Өнер • 04 Мамыр, 2024
Қазақстан-Қатар арасындағы тауар айналымы 50%-ға артты
Экономика • 04 Мамыр, 2024
Қазақстанда Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды
Табиғат • 04 Мамыр, 2024
Биылғы су тасқынынан қанша мектеп ғимараты зақымданды?
Қоғам • 04 Мамыр, 2024
Аймақтар • 04 Мамыр, 2024