Тағайындау • 30 Маусым, 2021

Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры тағайындалды

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне Әлібек Асқаров тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға министр мен Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Борашев таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры тағайындалды

Әлібек Асылбайұлы Асқаров - жазушы, полиграфист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика Академиясы мен Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі, 10-нан астам кітаптың авторы. 

Айта кетейік, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру және ведомстволық наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті жанынан Геральдикалық зерттеулер орталығы құрылды.

Орталық базасында мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану, мемлекеттік стилді қалыптастыруда мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша түрлі іс-шаралар өткізілетін болады. Сондай-ақ мемлекеттің өзін-өзі сәйкестендіру процестерін және геральдикалық белгілерді қолдану жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу бойынша да іс-шаралар кіреді. Қазір орталық наградаларды сипаттау мен марапаттау негіздеріне қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу бойынша жұмыс істап жатыр.