Аймақтар • 03 Шілде, 2021

Жұмыспен қамту орталығының қаржысын жымқырған есепші сотталды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда есепші «Еңбек» бағдарламасына бөлінген қаражатты жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмыспен қамту орталығының қаржысын жымқырған есепші сотталды

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Аққулы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Тергеу барысында орталық есепшісі қызметін пайдаланып және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, орталықтың есеп айырысу шотынан бюджет қаражатын заңсыз алғаны анықталды.

Алаяқтық схема негізсіз төлем шоттарына электрондық кілтпен қол қою және жеке тұлғалардың карт-шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асқан.

Қаражат нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін үй жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған.

Бухгалтер материалдық жауапкершілікке және бухгалтерлік есепті жүргізуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 4,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.