Әлем • 12 Шілде, 2021

Берлинде дәрігерлер шеруге шықты

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берлиндегі медицина қызметкерлері үкіметке ескерту ретінде 2 күндік шағын шеруге шықты. Олар 2 ірі емханаға дәрігер маман жетіспей жатқанын айтады, деп жазады Egemen.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Берлинде дәрігерлер шеруге шықты

Осы мәселе кесімді мерзімге дейін шешілмесе, белсенділер «бұдан да ұзақ уақытқа ереуілге шығамыз» деген талап қойды. Медицина қызметкерлеріне әсіресе індет шектеулері кезінде жұмыс істеу ауыр. Оның үстіне жалақы жұмыс жүктемесіне сай емес. Емханадағы операцияны тоқтатпас үшін дәрігерлер наразылық шарасына кезектесіп шыққан.  

– Біз жансақтау бөлімі қызметкерлерінің, акушерлердің, терапевттердің жүктемесін азайтқанын қалаймыз. Олардың қазір жұмысы өте ауыр. Көбі кетеміз деп жүр. Бундестаг сайлауына дейін қызметкерлеріміз үшін жаңа тарифтік жоспарды талқылауды бастауды жоспарлап жатырмыз. Талабымыздың мерзімі 20 тамызға дейін ұзартылады. Медицина қызметкерлерінің талабы орындалмаса Шарите және Вивантес емханалары шеруге шығады, – дейді кәсіподақ өкілі Майке Егер.