Қоғам • 13 Шілде, 2021

Көлікті сақтандыра алады

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көлік иелерін сақтандыру қызметтерін көрсету бойынша қанатқақты жоба іске қосылды.

Көлікті сақтандыра алады

Көлікті қайта тіркеуді ресім­дей отырып, клиент сол жерде сақтандыру полисін сатып ала алады. Енді басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұру­дың немесе «дел­далдардан» сақтан­д­ыру поли­сін ресімдеудің қажеті жоқ.

Жаңа қызмет туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға ар­нал­ған үкі­мет» корпорациясы бас­­қарма төрағасының бірінші орын­басары Сүйеніш Әбділдин баян­дап берді.

«Мамандандырылған ­ХҚО­­ операторларымен көлік иелерін сақтандыру қызметі әдетте мамандандырылған ХҚО-ларда клиенттерге өз мүддесі үшін қызметтерін ұсынатын «көмекшілерге» клиенттердің шағымдарымен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі. Егер пилоттық жоба сәтті іске асырылатын болса, біз еліміздің басқа мамандандырылған ХҚО-ларында да сақтандыру қызметін енгіземіз», деді Мем­лекеттік корпорация төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

Клиенттерге көлікті қай­­та тіркегеннен кейін ақпараттық жүйелері бір-бірімен ықпал­дастырылған сақтандыру ұйы­мын таң­дау ұсынылады. Ағымд­а­ғы ке­зеңде «Евразия» сақ­тан­ды­ру компаниясымен ке­лі­сім жү­зеге асырылған. Пилот­тық жоба іске қосыл­­ған сәттен бастап 300-ден ас­там азамат­тық-құқықтық жауап­кершілік шарты жасалды.

 

«Егемен-ақпарат»