Қоғам • 16 Шілде, 2021

Вакцина паспортын қолдан жасау бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ІІМ жыл басынан бері вакцина паспорты мен ПТР-анықтамасын қолдан жасау бойынша 65 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцина паспортын қолдан жасау бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Covid-19 коронавирус инфекциясы салдарынан көптеген адамның өмірі қиылуда. Тек бір тәулік ішінде Қазақстанда қауіпті инфекцияға оң ПТР-талдауы бар 5648 науқас анықталды. Барлық қабылданған шектеу шараларына қарамастан, бұл сан күн сайын өсіп келеді.

ІІМ-нің аса алаңдатарлық эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы аурумен байланысты барлық қылмыстық көріністерге ерекше көңіл бөлінеді. Жалған ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасау және пайдаланушыларды анықтау бағытындағы жұмыстар белсенді жүргізілуде, өйткені вакцинацияланбаған азаматтар коронавирустың таралуына жағдай жасап, басқаларға жұқтыру қаупін жоғарылатады.

Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде ПТР-тестілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс болды (ҚК 385-бабы 1-бөлігі-23, 2-бөлігі-3, 3-бөлігі-16), оның ішінде 39-ы ағымдағы жылы тіркелген. Вакцина паспортын қолдан жасау фактілері бойынша ағымдағы жылы 23 қылмыстық іс тіркелді, тергеу жалғасуда.

Қолдан жасалған құжаттардың саны және әрбір іс бойынша заңға қайшы әрекеттерге қатысушылардың саны да әр түрлі. Бұлар тергеу нәтижелері бойынша нақтыланатын болады. Ішкі істер органдары жалған ПТР-анықтамалар мен вакцина паспортын сату фактілерін анықтау бойынша түрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеруді жалғастыруда. ІІМ жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделгенін еске салады.