Аймақтар • 26 Шілде, 2021

Арыстағы жарылыс: Айыптыларға сот үкімі шықты

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыстағы оқ қоймадан шыққан жарылысқа байланысты айыпталғандардың ісіне нүкте қойылды. Сот ісінде 16 адамға үкім оқылды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Арыстағы жарылыс: Айыптыларға сот үкімі шықты

Олардың 12-сіне 4 пен 10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы берілсе, төртеуі 7 жылға дейін шартты түрде сотталды. Темір торға тоғытылғандардың бірі үкіммен келіспеді. Қалғандары пікір білдіруден бас тартқан.

Алайда сот отырысында жәбірленушілердің базынасы назардан тыс қалды. Олар өтемақы төленбегенін айтып наразы. Бұған дейінгі жабық сот отырысында 1 мың 500 адам жәбірленуші деп танылған болатын.