Саясат • 06 Тамыз, 2021

Ұлт саулығын сақтауға бағытталған ұлттық жоба

884 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың төрағалығымен «Саламатты ұлт» азаматтарға арналған сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі» ұлттық жобасы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Іс-шараға министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ұлт саулығын сақтауға бағытталған ұлттық жоба

Президенттің 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақ­стан халқына Жолдауын, Қазақ­стан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жос­парының жалпыұлттық басым­дықтарын, Nur Otan партия­сының «Өзгерістер жолы: әр аза­матқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі 2021-2025 жылдарға жоспарланған «Сала­матты ұлт» азаматтарға арнал­ған сапалы әрі қолжетімді ден­сау­лық сақтау жүйесі» ұлттық жобасын әзірледі.

Ұлттық жоба 4 бағыт және 8 міндетті қамтып, 20 көрсеткіш бойынша 83 іс-шарадан тұрады.

Бірінші бағытта «қолжетімді және сапалы медициналық көмек» аясында халықты денсау­лық сақтау қызметтерімен кеңі­нен қамту, жүкті әйелдердің және ба­ла­лардың денсаулығын сақ­тау­ға арналған міндеттер белгіленді.

Екінші бағытта «эпидемио­­ло­гиялық болжау және қар­сы әрекет етудің заманауи жүйе­сін қалыптастыру» бойынша инфекциялық ауруларды эпи­демиялық қадағалаудың қазір­гі заманғы моделіне көшу ж­әне халықтың заманауи, дәл­дігі жоғары зертханалық сарап­тамаға қолжетімділігін кеңейту ұсынылады.

«Отандық өндірістегі қолжетімді дәрілік заттар мен медициналық бұйым­дар» ба­ғыты бойынша фармацев­ти­калық және медициналық өнер­кәсіптің ғылыми, кадрлық әлеуетін арттыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйым­дар­дың отандық өндірісін дамыту жоспарланған.

«Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша қо­ғамның барлық санаттарын дене шынықтырумен және бұ­қаралық спортпен шұғыл­дануға ынталандыру, тұрғындардың спорт объектілерімен қамтылу деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.

М.Шоранов атап өткендей, «Саламатты ұлт» азаматтарға арналған сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі» ұлт­тық жобасы халық ден­саулы­ғына оң ықпалын тигізетін елеу­лі нәтижелерге қол жеткі­зуге, инфрақұрылымды жаңарту­ға және бірқатар жүйелі мәселе­ні шешуге мүмкіндік береді.