Білім • 06 Тамыз, 2021

Қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты

408 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты. Енді қазақстандықтарға Словакия, Әзербайжан және Вьетнам елдері де гранттар бөледі.

Қазақстандықтар тегін  оқи алатын елдер саны артты

Осылайша, 2021 жылы білім беру саласындағы келісімдер аясында мемлекеттер саны 10-ға дейін артты. 2019 жылы мұн­дай тізімде 7 ел бол­ған еді. Біз­дің та­лап­керге грант ұсынатын мем­лекет­тер қатарында Мажар­стан, Польша, ҚХР, Украина, Беларусь, Қыр­ғыз­стан және Тәжікстан бар.

Өткен екі жылда мыңға жуық қазақстандық осы елдер­дің жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алды. Биыл қазақ­стандықтарға 500-ге жуық грант бөлінді. Үкімет­ара­лық гранттар аясында қазақ­­стандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша оқи алады.

«Жоғары білім беру сала­сындағы халықаралық ынты­мақтастық кадрлық әлеуетке оң әсерін тигізді. Отандық жоғары оқу орындарында білім беру процесінің сапасын күшейтумен қатар, азамат­тары­мыздың әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында бі­лім алу мүмкіндігіне ие болуы үшін жағдай жасау қажет. Біз «Болашақ» бағ­­дар­ламасы бо­йынша ғана емес, үкіметара­лық келісім­дер шеңберінде де қазақстан­дық­тарды тегін оқыту үшін елдер географиясын кеңейтіп жатырмыз. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандар алған білімдерін өздері еңбек ететін саланы дамыту үшін қолданады деп үміттенеміз», деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2019 жылмен салыстыр­ғанда конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірушілер саны 15%-ға өсті. Үміткерлерді ірік­теу­ді депутаттар, сарап­шы­лар, ин­же­нерлік-техни­ка­­лық, меди­циналық, гумани­тар­лық және жаратылыстану ғылымдарының ғалым-доктор­ларынан тұратын Тәуелсіз комиссия жүргізеді.

Үкіметаралық келісімдердің операторы – Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығы.

Бұл ретте осыған дейін Қазақ­­­станның Білім және ғылым ми­нистрі мен Еуропалық одақ­тың Қазақстандағы елшісінің қаты­суымен өткен форумда тараптар білім беру саласындағы бірлес­кен ынтымақтастық мә­се­лелерін талқылағанын айта кеткен жөн.