Білім • 09 Тамыз, 2021

Халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық оқушылар Химия пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IChO-2021) төрт медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында үш күміс және бір қола бар.

Халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

Олимпиада Жапонияның Осака қаласында 24 шілде мен 2 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 79 елінен 312 оқушы қатысты. Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Павлодар қаласынан төрт оқушы, яғни республикалық пән­дік олимпиаданың жеңімпаз­да­ры қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады.

Теориялық тапсырмаларды жо­ғары деңгейде орындаған қазақ­стандық қатысушылардың барлығы жүлдегер атанды. Хай­дар Қайырбек, Санжар Би­сенали, Мадияр Қасымали кү­міс, Әйгерім Тұрыспекова қола медальға ие болды.

Ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиындары ке­зін­де сапалы жұмыс жүр­гіз­ген мұ­ға­лім­дер мен жат­тық­ты­ру­шы­лар­ға алғыс білдірді.

«Барлық қатысушы химия пәнінен ең маңызды олимпиадаға мұқият дайындалды. Біздің күш-жігеріміздің ақталғанына қуанышымыз шексіз. Жоғары деңгейде өтіп жатқан ауқымды жарыс болғандықтан, тапсырмалар да қиын болды. Бірақ біздің құрама оған дайын еді. Үш күміс және бір қола медаль жеңіп алдық. Бізді әрдайым қолдайтын жаттықтырушыларымызға, мұ­ға­­лім­деріміз бен ата-ана­ла­ры­мызға алғысымыз шексіз», деді кү­міс медаль иегері Хайдар Қайырбек.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында қаты­су­шыларды жеңістерімен құт­тық­тады.

«Олимпиадаға қа­тысу­­шы­лар­ды жоғары жетістіктермен құттықтаймын! Сіздер дайын­дық­тарыңыздың мықты еке­нін көрсеттіңіздер. Әр медаль – сіздердің қажырлы ең­бек­­теріңіз бен жеңіске деген ұм­ты­лыстарыңыздың нәти­же­сі. Сіздерге жаңа шың­дар­ды бағындыруда сәттілік ті­лей­мін! Олимпиада жүл­де­гер­­лерінің ұстаздары мен жат­тық­­тырушыларына берген бі­лім­­дері үшін, ал ата-аналарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Өз кезегінде, Білім және ғылым министрлігі оқу­шы­ла­ры­мыздың зияткерлік жарыс­тарда көшбасшылық орынға ие болуы үшін жағдай жа­сауды жал­ғастырады», деп жаз­ды министр.

Асхат Аймағамбетов Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық олим­пиа­далардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдау бойынша шаралар әзірлеуді тапсырғанын айтты. Осы тапсырманы іске асыру аясында министрлік бірқатар заңнамалық өзгеріс дайындады.