Аймақтар • 09 Тамыз, 2021

Әншілер мен блогерлердің карантин талабын бұзғаны анықталды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының мониторингтік тобы Royal Tulip қонақүй кешені аумағында Black star burger фастфуд желісінің карантин талабын бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әншілер мен блогерлердің карантин талабын бұзғаны анықталды

Фото: booking.com

«8 тамызда Медеу аймағының бақылау тобы «Royal Tulip қонақ үй кешенінің аумағында Black Star burger өкілдерікарантин талаптарын бұзып, іс-шара өткізгені анықтады. Құқық бұзушылық фактісі бойынша қонақүй кешені мен фаст-фуд орталығы өкілдерінен түсініктеме алынды. Материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне берілді», деп хабарлады Медеу ауданы әкімдігінен.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Садуақас Байғабұлов бақылау тобының материалдары негізінде тиісті тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі анықталатынын атап өтті.

Компанияның Instagram парақшасынан шараға Қазақстанның атақты блогерлері мен әртістері жиналғанын көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы коронавирустың «қоңыр қызыл» аймағында. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қалада бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған.