Коронавирус • 11 Тамыз, 2021

Sinopharm вакцинасының алғашқы партиясы

145 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Алматыға Sinopharm вакцинасының бірінші партия­сы бар ұшақ келіп қонды. Қытай Халық Республикасы­мен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде жеткізілген корона­вирусқа қарсы бұл вакцина СҚ-Фармация бірыңғай дистрибьюторының қоймаларына қабылданды.

Sinopharm вакцинасының алғашқы партиясы

Денсаулық сауқтау министр­лігі аталған вакцина жөнінде толық мәлімет берді.

«Қазақстанда коронавирус­ты таратпау жөніндегі ведо­м­ст­во­аралық комиссия мен Ден­саулық сақтау министр­лігі­нің тапсырмасы негізінде Бірың­ғай дистрибьютор Бейжің био­ло­гиялық өнімдер институты әзірлеген Covid-19-ға қарсы Sinopharm вакцинасының 4 млн дозасын сатып алуды жүзеге асырды. Sinopharm Қытай вак­цинасының бірінші партиясы 1 млн дозадан тұрады. Sinopharm вакцинасы – жақын күндері Қазақстан азаматтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау үшін қолжетімді болатын елімізде бесінші тіркелген вакцина», делінген ведомство хабарында.

Вакцинаны стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін ДСМ Са­ни­тарлық-эпидемиялық ба­қылау комитетінің рұқсат қаға­зына сәйкес жедел тәртіпте елі­міздің өңірлеріне жіберіледі.

Бірыңғай дистрибьютор им­­мунобиологиялық пре­парат­тардың логистикасын GMP және GDP барлық стан­дарт­тарын, сондай-ақ «суық тізбекті» сақтай отырып жүзеге асы­рады. Sinopharm вакцина­сы­ның ерек­шелігі – оны жеткізу про­­цесі мұз­датқышты қажет ет­пейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.

Қытайдың Sinopharm вакцинасын ДДҰ 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі – 24 ай. Шіл­деде Қытайдың Sinopharm компа­ниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы COVAX вакци­на­лар банкіне кірді. Вакци­налар мен иммундаудың жаһан­дық альянсы (GAVI) қытай­лық Sinopharm компаниясымен келісім жасайтынын жариялады.

Бұл – ДДҰ-мен қауіпсіз және тиімді деп жіктелген ал­ғаш­қы Қытай препараты, 45 елде ересек­терге вакциналауға рұқсат етіл­ген. Бүгінгі таңда Қытай­дан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұл­дан­ды. Сонымен қатар Қытай мен БАӘ Қытайдың Sinopharm фармакологиялық компания­сының белсенді емес вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады.