Қоғам • 11 Тамыз, 2021

Полицейлер жүкті әйелді құтқарып қалды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный полицейлері көшеге патруль жүргізу кезінде аялдамада ес-түссіз жатқан жүкті келіншекті байқаған. Мақсұт Досыбаев пен Олжас Батырханов жүктіліктің соңғы айындағы келіншекке іле-шала көмек көрсетіп, бірден жедел жәрдем шақырған, деп жазады Egemen.kz Tengrinews.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Полицейлер жүкті әйелді құтқарып қалды

«Жедел жәрдем шақырғанымызбен, оларды күте алмайтынымызды білдік. Себебі, бұл оқиғада бір емес екі адамның өміріне қауіп төніп тұрды. Сондықтан келіншекті перзентханаға өзіміз тез арада жеткіземіз деп ұйғардық. Жол бойы кезекші бөліммен байланысқа шықтық. Жедел науқастың ауруханаға жеткізілетіні туралы хабарлама жіберілді», дейді полиция капитаны Мақсұт Досыбаев.

36 жастағы келіншек жүктіліктің жетінші айында болған. Дәрігерлердің айтуынша, Индира Амирееваның денсаулығына ауа-райының ыстық болуы қолайсыз әсер етіп есінен танып қалған. Жедел әрекет етіп, дереу медициналық мекемеге жеткізген полицейлердің арқасында қауіп артта қалған.