Қоғам • 11 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда жұмысшылар жаппай төбелес шығарды

752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полиция баспасөз қызметі мәліметінше, төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде таралған. Жаппай тәртіпсіздік құрылыс алаңындағы жұмысшылар арасында туындаған, деп жазады Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда жұмысшылар жаппай төбелес шығарды

«Оқиға 6 тамызкүндіз Қалдыаяқов көшесіндегі құрылыс алаңында болғаны анықталды. Әуелі құрылысшылар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан»,  деді Нұр-Сұлтан ПД өкілі.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілген. Оқиға болған сәтте 102 нөмірі бойынша шақырту түспеген.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.