Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Атырауда жыл басынан бері 5 адам өрттен қайтыс болды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы шаһарда биылғы жыл басынан бері 117 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жыл басынан бері 5 адам өрттен қайтыс болды

Атырау қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұржан Жақатаевтың айтуынша, өрттің тұрмыстық газ құрылғыларын пайдаланудағы абайсыздық себеп болған.

«Өрттің басым бөлігі жеке сектордағы нысандарда тұтанды. Өрттен 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды. Жалынның салдарынан келген материалдық залалдың көлемі 200 млн 367 мың теңгені құрады» дейді Нұржан Жақатаев.