Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Атырауда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовжаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

Онда «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан бірнеше нысанның жұмысы, сондай-ақ, көпшілік іс-шараларды өткізу тоқтатылатыныайтылған.

«Көпшілік іс-шараларды (мерекелік, көпшілік мәдени іс-шараларды, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізу, ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), кальян, түнгі клубтардың, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету тоқтатылсын»делінген қаулыда.

Сондай-ақ, марафондар, көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге, ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлерінің жұмысына (демалыс саябақтарында, алаңдарда), алаңдардағы, саябақтардағы, скверлердегі, жағалаудағы балалардың, ересектердің жылжымалы ойын құралдарының ұсақ бөлшек саудасына, жалға беруге тыйым салынып отыр.

Жаңа қаулы қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.