Экономика • 13 Тамыз, 2021

Қазпошта ауыл – аймақтағы қызмет аясын кеңейтіп жатыр

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде ұлттық пошта операторы цифрлы трансформациялау аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа қызмет түрлерін қолға алып отыр. Электрондық-сандық қолтаңба алу немесе жұмысмен қамту, денсаулық, жылжымайтын мүлік бойынша анықтамалар қажет болса, қалаға жол тартудың қажеті жоқ. Бүгінде Қазпоштаның автоматтандырылған бөлімшелерінде мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер ұсынылған.

Қазпошта ауыл – аймақтағы қызмет  аясын кеңейтіп жатыр

Компанияның инфрақұрылымдық желісі кең екені белгілі. Олар шалғайдағы аудан орта­лықтары мен ауылдарды да қамтиды.  Ком­панияның баспасөз қызметі ұсынған ақпа­ратқа сенсек, ауыл мен аудандардағы пошта бөлімшелері 12 мыңнан аса мемлекеттік және әлеуметтік қызмет түрлерін ұсынған. Жа­ңа қызмет түрі халық тарапынан үлкен сұра­нысқа ие. Оның ішінде Шығыс Қазақстан мен Қызыл­орда облысы көш бастап келеді: тиісінше 5,3 мың және 2,8 мың қызмет көрсетілді.

Биылғы көктемде Қазпошта Шығыс Қазақ­стан облысында «Мемлекеттік және әлеу­мет­тік қызметтер ұсынатын әмбебап агент» қанат­қақты жобасын қолға алған. Осы жоба аясында шілденің 1-інен бері Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша тест режімінде ауыл мен аудан тұрғындарына мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер электронды форматта ұсынылып жатыр. Бұл шалғайда тұратын жұртшылықтың көңілін серпілткен болар. Себебі уақыт пен қаржыны шығындап, қалаға жол тарту еш қажет емес.

«Шілде айында елді мекен тұрғындары ұлттық пошта операторының жаңа қызметіне 6,5 мың рет жүгінген. Шалғай ауылдар мен аудан­дардың тұрғындары облыс орталығына бар­май-ақ, өздеріне қажетті қызметтерді жергі­лікті пошта бөлімшелерінен алу мүмкіндігіне ие болды», дейді Қазпошта өкілдері.

Жалпы, Қазпошта ұлттық оператор ретінде ауыл тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасау үшін дәл осы іспетті әлеуметтік маңызды жобаны қолға алған. Елді мекендерде Қазпошта көбіне тұрғындарға қызмет көрсететін жалғыз мекеме екені белгілі. Компанияның кең фи­лиалдық желісі бар екенін ескере отырып, ауыл тұрғындарына мемлекеттік және әлеу­меттік қызметтерге қолжетімділікті қамта­масыз ету – маңызды әлеуметтік міндет. 

Еліміздің барлық өңіріндегі пошта бөлім­шелерінде 628 мемлекеттік және әлеу­меттік қыз­метті алуға болады. Оның ішінде egov.kz пор­талы арқылы электрондық-сандық қол­таңба алу және онлайн қызметтерге (жұмыспен қамту, білім, денсаулық, жылжымайтын мүлік және т.б. бойынша анықтамалар, өтініштер) тапсырыс беру, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар­ға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алуға, сонымен қатар aleumet.egov.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандар тарапынан оңалту бойынша техникалық құралдарды алуға және санаторлық-курорттық емделуге жолдамаларды рәсімдеуге өтініш беру қарастырылған. 

Ұлттық пошта операторының жүзеге асыратын жобалары аудан орталықтарында және ауылдарда тұратын жұрттың қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Бүгінде елді мекендердегі пошта бөлімшелерінде депозиттер мен кредиттер рәсімдеуге, коммуналдық төлемдерді төлеуге, темір жол билеттерін сатып алуға, косметикалық бұйымдарға тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ алдағы уақытта смартфондар мен гаджеттердің ақысын төлеу үшін қолма-қол ақша және бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл қызметтер ауыл тұрғындары тарапынан сұранысқа ие және қалаларға баруды қажет етпейді.