Елорда • 15 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда 17 мекеме жауапкершілікке тартылды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте елорданың мониторингтік топтары карантин талаптарын бұзған 17 мекемені анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда 17 мекеме жауапкершілікке тартылды

Есіл ауданында 6 мекеме карантин режимін бұзып жұмыс істеді. Бұл «Baobao», «The Sky», «Fashion bar», «Baoli» мейрамханалары, сондай-ақ «Панаехали» және «D1» барлары. Сонымен қатар «Garage"»музыкалық барында, «Oldboy» барбершопында, «Masters» үстел теннисі клубында, «Leo kids» және «Tompag» балалар ойыншығы мен киім дүкендерінде, сондай-ақ «Лото клуб» және «Ирис» түнгі клубында да елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы сақталмағаны анықталды.

Карантин талаптарын бұзу Алматы ауданының «Лото клуб» және «Bravo» барында және Сарыарқа ауданының «Мирас» және «Гаухартас» мейрамханаларында және «Банный двор» және «Пропарься» монша кешендерінде тіркелді. 

«Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді», деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.