Экономика • 19 Тамыз, 2021

Өсімдік шаруашылығы жаңа тәртіппен субсидияланады

900 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.


Өсімдік шаруашылығы жаңа тәртіппен субсидияланады

«Қарақұмық және майлы дақылдар өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау және осы дақылдарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту үшін және ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылдың 10 тамызындағы №236 бұйрығын қабылдады»,  делінген ҚР АШМ таратқан мәліметте.

Сонымен қатар бұйрықта қорғалған топырақта өсірілетін қызанақ пен қияр дақылдарының тұқымына, тыңайтқышқа және пестицидтерге (биоагенттерге) жұмсалған шығындарын ішінара өтеу шаралары қарастырылған. Бұл ретте қызанақ пен қиярдың элиталық тұқымдары және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары бойынша субсидиялар қызанақ пен қиярды өнеркәсіптік жылыжай кешендерінде қорғалған топырақ жағдайында өсіретін фермерлерге (ауыл шаруашылығы кооперативтеріне) арналады.

Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 13 тамызда №23986 болып тіркелді. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.