Өнер • 20 Тамыз, 2021

«Біздің сүйікті дәрігер» фильмі жаңа нұсқада түсіріліп жатыр

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақфильм» киностудиясы Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне ремейк түсірілімі басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Біздің сүйікті дәрігер» фильмі жаңа нұсқада түсіріліп жатыр

Туындының режиссері – Равиль Трумов. Басты рөлдерді Шәріп Серік пен Карина Кудекова сомдайды.

«Оқиға желісі сценарий бойынша Алматыдағы ауруханалардың бірінде бастау алады. Аурухана ұжымы бас дәрігер Николай Грачевті мерейлі жасымен құттықтауға дайындалып жатқанда күтпеген жағдайға тап болады», деп жазады киностудияның баспасөз қызметі.

«Біздің сүйікті дәрігер 2» фильмі 2019 жылы мамыр айында өндіріске жіберіліп, фильм прокатқа 2020 жылы шығу керек болған. Басты кейіпкерлерінің бірін әнші Данэлия Төлешова сомдайтыны туралы мәлімет шыққан. Қазір жұмыс қайта жанданды.

Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» толық метражды көркем фильмі 1957 жылы түсірілген.

1