Елорда • 28 Тамыз, 2021

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы жарты жылдық жұмысын қорытындылады

329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың төрағалығымен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жарты жылдық қорытындысы бойынша есеп беру алқасы онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы жарты жылдық жұмысын қорытындылады

Жиынға Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов пен қаланың медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.

Қала әкімінің орынбасары 2021 жылдың II жартыжылдығына қалалық Денсаулық сақтау саласының алдына бірқатар міндеттер қойды. Бірінші кезекте коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялауды аяқтау, Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту, кадр тапшылығын азайту, денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері тұр.

Отырыс барысында Асхат Оралов ана өлімін азайтудың оң үрдісін атап өтті.

«Жұмысты осындай қарқынмен жалғастыру керек. Қауіп-өатердің алдын алу шараларын күшейтіп, медицина қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттыру процесін жетілдіру қажет», деп атап өтті қала басшысының орынбасары.

Денсаулық сақтау вице-министрі де бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамиканы назарға алды.

«Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Атап айтқанда, балалар арасында семіздік ауыруы азайды, медициналық ұйымдарды қажетті техникамен жабдықтау деңгейі артты, медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі төмендеді, денсаулық сақтаудағы жеке инвестициялардың үлесі артты. Десе де, қан айналымы жүйесі аурулары мен жарақаттардан болатын өлім-жітімнің өсуіне ерекше назар аудару қажет», деп атап өтті Марат Шоранов.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз есебінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу мәселесіне тоқталды.

«Аталған мемлекеттік қызметті қатаң түрде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетуді және оны көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту фактілеріне жол бермеуді қамтамасыз ету қажет. Соңғылары барынша дәлелді болуы тиіс», деді Тимур Мұратов.

Отырыс соңында қала әкімінің орынбасары вакцинация паспорттарын бұрмалау фактілерін бақылауға алуды тапсырды.