Елорда • 29 Тамыз, 2021

Елордада «Ұстаздар алаңы» саябағы салынып жатыр

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Ұстаздар алаңы» саябағының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Ұстаздар алаңы» саябағы салынып жатыр

Бүгінгі таңда «Байқоңыр» ауданы аумағында «Ұстаздар алаңы» саябағының құрылысы жүріп жатыр.

«Аталған саябақ А.Пушкин көшесі бойындағы Еуразия ұлттық университетінің аумағын қамтиды. Саябақты жайластыру барысында ашық ауада сабақ өткізу үшін Ашық аудитория аймағын, білім беру қызметкерлерінің құрметіне инсталяциялар, демалыс аймағын, балалар аймағын, спорттық - гимнастикалық аймақты орнату жоспарланған», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, қаладағы жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ.