Спорт • 30 Тамыз, 2021

Таеквондошылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық таеквондошылар Эстониядағы халықаралық турнирден үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таеквондошылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Эстонияның Таллин қаласында таеквондодан «Tallinn Open» халықаралық турнирі өтті. 28-29 тамыз күндері өткен G-1 санатындағы додаға 250-дан астам спортшы қатысты.

Аталған бәсекеде 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде нұрлан Мырзабаев күміс медальға ие болды.

Ал 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Смайыл Дүйсебай қола жүлдегер атанса, 68 келіде сынға түскен Ерасыл Арапбай екінші қоланы ел қоржынына салды.