Елорда • 02 Қыркүйек, 2021

Елордада 8 мекеме жауапкершілікке тартылды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған тағы 8 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz.

Елордада 8 мекеме жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, Есіл ауданында карантин бұзушылар қатарында  «Opus One» кафесі, «Мята» лаундж-бары, «Teqila» бары бар.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Берлин» және «На мангале» кафелерінде карантин сақталған жоқ.

Байқоңыр ауданындағы «Respawn» компютерлік клубының әкімшілігі де Бас санитардың қаулысындағы ережелерге бағынбаған.

Алматы ауданында белгіленген жұмыс режимін «Шампурок» кафесі мен «Мята» бары елемеді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тиісті уәкілетті органдарға тапсырылды.