Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2021

Елордада бір күнде 8 мекеме карантин талаптарын бұзған

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда бір күнде 8 мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада бір күнде 8 мекеме карантин талаптарын бұзған

Елорданың мониторингтік топтары тәулік сайын жүзден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді. Бір ғана рейдтің өзінде карантин режимін бұзған ондаған мекеме анықталды. Өткен тәулікте, яғни 4 қыркүйек күні қалада 8 мекеме шектеу шараларын сақтаған жоқ.

Сарыарқа ауданында «EL classico» ойын клубы мен «Nirvana» түнгі клубы карантин талаптарын сақтаған жоқ. 

Алматы ауданының тәртіп бұзушылар тізіміне «Достар» ойын клубы, «Малена» және «Панаехали» барлары енді.

Сондай-ақ, Есіл ауданында орналасқан «Tequila» және «Ray Bar» барларында белгіленген жұмыс режимі ескерілмеді.

Байқоңыр ауданындағы «Панаехали» барында да карантин бұзылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.