Саясат • 07 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен Моңғолия сындарлы ынтымақтастықты жалғастырады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Президентінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Эрдэнэцогт Одбаярмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Моңғолия сындарлы ынтымақтастықты жалғастырады

Кездесу барысында отандық дипломат моңғол тарапына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялағынын хабарлады. Сондай-ақ Елші мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы білім беруге, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйені құруға, саяси жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғауға және қоғамды шоғырландыруға бағытталған бірқатар бастамаларды көтергенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар халықаралық тақырыптардың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Моңғолияның БҰҰ, АӨСШК және АЭХА сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесу тақырыбы басты назарда болды.

Бұдан басқа, моңғол тарапы ғылыми деректермен алмасу және бірлескен жобаларды әзірлеу арқылы медициналық дипломатия саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуды ұсынды.

Кездесудің қорытындысында тараптар сындарлы байланыстарды одан әрі сақтауға және дамытуға ниетті еккенін растады.