Әлем • 20 Қыркүйек, 2021

Израильде қатаң режимдегі түрмеден қашқан қылмыскерлер ұсталды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израильде әскерилер қатаң тәртіптегі түрмеден қашқандарды түгел ұстады. Қазір олардан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израильде қатаң режимдегі түрмеден қашқан қылмыскерлер ұсталды

Айта кетейік, қыркүйектің басында 6 палестиналық Израильдің солтүстігіндегі Гильбоа түрмесінен қашып кеткен еді. Бұл мекеме елдегі аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейтін қауіпті түрме саналады. Оның аумағында 72 видеобақылау камерасы орнатылған.

Ал қылмыскерлер дәретхананың астын қазып, кәріз жолы арқылы қашып кеткен. Олардың барлығы лаңкестік үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қылмыскерлер.