Білім • 27 Қыркүйек, 2021

Колледж түлегі «Еuroskills 2021» чемпионатында қола медаль жеңіп алды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласындағы колледждің түлегі «Еuroskills Graz 2021» Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Колледж түлегі «Еuroskills 2021» чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Дина Афанасьева Ұлттық құрама сапында зияткерлік жарысқа қатысып, «Веб-әзірлеу» бағыты бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды.

Осы жылы Еуропа чемпионатында шамамен отыз мемлекеттен келген төрт жүзден астам қатысушы бақ сынады. Чемпионат екі жылда бір рет ұйымдастырылады. 2021 жылы жарыс Австриядағы Грац қаласында өтті.

Айта кетейік, Дина Worldskills Kazakhstan-2019 республикалық чемпионатының жеңімпазы және Worldskills Kazakhstan Ұлттық құрамасының мүшесі. 2020 жылы Дина First Virtual Skill Competition on Web Technologies и Second Virtual Skill Competition on Web Technologies чемпионатында үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ өткен жылы қашықтан өткен Worldskills Eurasia-2020 чемпионатында Қазақстанның намысын қорғап, алтын медальға иеленді. 2021 жылдың қаңтарында Дина қашықтан өткен «The 1st Unofficial European Web Development Competition 2021» чемпионатына қатысып, Қазақстан қоржынын алтынмен толықтырды.

Қазақстан Ұлттық құрамасы чемпионатқа «Мехатроника», «Дәнекерлеу технологиялары», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Веб-әзірлеу» және «Шаштараз өнері» сынды 5 құзыреттілік бойынша қатысты.