Елорда • 30 Қыркүйек, 2021

Елордада бір күнде 10 мекеме карантин талабын бұзды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 қыркүйекте карантин талабын бұзған 10 мекеме анықталды, деп жазады Egemen.kz Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада бір күнде 10 мекеме карантин талабын бұзды

Алматы ауданында орналасқан «Панаехали» барында, «Sova» караоке-барында және «Alanya» түнгі клубында белгіленген жұмыс режимі сақталмаған.

Байқоңыр ауданындағы «Панаехали» барында карантинді бұзу фактісі тіркелді.

Есіл ауданында 6 қоғамдық тамақтану орны: «the ДЫМ» лаундж-бары, «Respublika», «Derby pub», «Панаехали», «TEQUILA» барлары және «INFORNO» мейрамханасы шектеу шараларына салғырт қараған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.