Оқиға • 11 Қазан, 2021

Есілден жарылғыш заттар табылды

1193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында балық аулауға келген ер адам төрт граната тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есілден жарылғыш заттар табылды

Табылған зат туралы ол кезекші полиция бөліміне хабарлады.

«1974 жылы туған ер адам Аршалы ауданы Арнасай ауылы аумағында балық аулап жүргенде гранатаға ұқсайтын затты көреді. Полицейлер Есіл өзенінің үстіндегі көпір маңын тексеріп, атысқа арналмаған, бірақ жарылған үш граната мен бір шу немесе түтін гранатасын тапты», деп хабарлады Ақмола облысының ПД.

Анықталғандай, табылған заттарды тексеру үшін елордалық полиция департаментінің кинологтары мен саперлері жұмылдырылды. Гранаталар тәркіленді.