Коронавирус • 12 Қазан, 2021

Медотводы бар қазақстандықтар «жасыл» мәртебеге ие болады

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ОКҚ брифингінде елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова «көк» мәртебесі бар адамдар демалыс күндері қоғамдық орындарға қандай жағдайда бара алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медотводы бар қазақстандықтар «жасыл» мәртебеге ие болады

«Көк» мәртебесі бар адамдар демалыс күндері қоғамдық орындарға бара алады. Бірақ бұл үшін олар өздерімен бірге учаскелік дәрігердің медициналық анықтамасы бар екендігі және коронавирусқа қарсы вакцинациялауға болмайтындығы туралы анықтамаға ие болуы керек. Осы анықтаманы ұсынған кезде «көк» мәртебесі бар адам демалыс күндері қандай да бір объектіге баруға толық құқылы», деп түсіндірді ол.

Ол, сондай-ақ, болашақта анықтаманы алып жүру қажеттілігі жоғалатынын айтты.

«Бүгінгі таңда Министрлік қосымшаға интеграциялану жүргізіп жатыр. Барлық техникалық жұмыстардан кейін «көк» мәртебесі бар қазақстандық медициналық анықтама болған жағдайда «жасыл» мәртебеге ие болады», деп түйіндеді спикер.