Аймақтар • 04 Қараша, 2021

Бағыт берген бағдарлама

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, биыл Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына 24 032 адамды қамту көзделген. Қазір аталған бағдарламаға 24 348 адам тартылды.

Бағыт берген бағдарлама

– Бағдарламаның бірінші бағытымен 250 адамды кәсіптік-техникалық даярлау, ал 1 510 жұмыссызды қысқа мерзімді курстарда оқыту жоспарланған еді. Сәуір айында басталған қысқамерзімді оқыту курсына 1 378 адам жіберілді. Оқыту курсын 911 адам аяқтады. Екінші бағытқа сәйкес «Бастау Бизнес» жобасымен 1 мың адамды оқыту, 154 адамға несие және 530 адамға мемлекет­тік грант беру кестесі жасақ­талды. Осы кезге дейін онлайн режімінде 1 015 адам «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 223 адам несие мен 531 адам қайтарымсыз грант алды, – дейді Азамат Мәмбетов.

Аталған бағдарламаның үшінші бағытымен 20 581 адамды қамту жоспарланыпты. Оның ішінде 332 адамды әлеуметтік жұмыстарға, 798 жасты жастар тәжірибесіне, 5 313 адамды қоғамдық жұмыстарға, 46 адамды алғашқы жұмыс орындарына, 14 092 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру тізбесі бекітілген. Жыл басынан бері жұмыс­пен қамту орталықтарына 22 576 адам жүгінді. Қазірге дейін 20 864 адам жұмыспен қамтылды. Тұрақты жұмыс орындарына 13 733 адам, уақытша жұмысқа 7 131 адам жіберілді.