Оқиға • 04 Қараша, 2021

Мәриям – әлем жұлдызы

2419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында тұратын Мәриям Ишанғалиева 3-сыныпта оқиды. Биылғы шіл­деде «Әлемдік модель – 2021» ха­лық­аралық байқауына суреттерін жолдаған екен. Ал қыркүйекте байқау қорытындысымен бірінші орынға ие болып, ақтық сайысқа жолдама алған. Жақында шешуші сайыс Сочиде қорытындыланды.

Мәриям – әлем жұлдызы

Биыл «Әлемдік модель» байқауына әлемнің 40 елінен үміткерлер қатысуы тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемия­сы­на байланысты 25 үміткер бақ сынады. Қазылар алқасының жеті мүшесі Мәриямды 6-9 жастағы қатысушылардың ара­сынан жеңімпаз деп таныды. Осылайша, аты­раулық оқушы байқаудың бас жүлдесін иеленіп, «Әлем жұлдызы» атанды. Оған «Жер шарының супермоделі – 2021» аталымы қоса берілді.

̶ Қызым жолға шығарда «Мен басыма тәж киіп келемін» дегенде, таңғалған едім. Сайыс кезінде аз-кем қобалжығаны байқалды. Өйткені халықаралық сайыста еліміздің атынан жалғыз өзі қатысты. Біз Құрманғазы ауданында тұрамыз. Сол себептен, сахнаға Құрманғазының «Адай» күйімен шықты. Тәжді басына кигізген сәтте қуаныштан жылап жіберді, – дейді анасы Арай Қарабалаева.

Сегіз жасында әлемдік супер модель атанған Мәриям Ишанғалиева бос уақытында би үйірмесіне қатысады. Оған қоса облыстық, республикалық бай­қау­лардың жеңімпазы атанған. Арманы – Оңтүстік Кореяда жоғары білім алып, дә­рігер болу.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024