Спорт • 07 Қараша, 2021

Қазан айының үздік спортшысы анықталды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында қазан айының үздік спортшысын анықтауға арналған сауалнама нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазан айының үздік спортшысы анықталды

Қазан айының үздігі атануға 7 спортшы үміткер болды. Олар: Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов (шорт-трек), Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі), Жәмиля Бақбергенова (әйелдер күресі), Софья Берульцева, Мөлдір Жаңбырбай, Қайсар Алпысбай (каратэ).

Дауыс беру нәтижесі бойынша шорт-тректен Қазақстан командасының өкілі Денис Никиша топ жарды. Дауыс беру 7 қараша күні 12:00-де аяқталды.

Денис 73,45 пайызбен көш бастады. Оның ізін ала Жәмиля Бақбергенова мен Алмат Кебіспаев орналасқан.