Спорт • 10 Қараша, 2021

Таеквондодан халықаралық турнирде қазақстандық сарбаз жеңімпаз атанды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы Жансель Дениз Исламабадта өткен «Pakistan Open International Taekwondo (G-1)» халықаралық турнирде «алтын» алды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таеквондодан халықаралық турнирде қазақстандық сарбаз жеңімпаз атанды

Жалпы G-1 дәрежесіндегі сайыста түрлі елдерден 500-ден астам атлет қатысып, 16 жиынтық медаль ойнатылды.

«Армия спортшысы кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті. Турнирдің рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы алты алтын медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады», - деді Орталық армия спорт клубы төрағасының орынбасары – Штаттық команданы даярлау орталығының бастығы майор Әнуар Үсенов.

Сайыс өткен елден бөлек, турнирге Ауғанстан, Албания, Непал, Иордания, Қазақстан, Оман, Мысыр, Иран, Түркия, Марокко, Біріккен Араб Әмірліктері, Сальвадор, Хорватияның үздік спортшылары қатысты.